Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматта оқытуға көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 647 мектеп тексерілген. Соның ішінде 154 қалалық және 493 ауылдық мектеп бар екен.
Өңір бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 және үш ауысыммен оқытуға көшу қаупі бар 2 мектеп анықталды. Қазіргі уақытта облыс әкімдігінде аталған мәселені шешу бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нақты айтқанда, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңаларының құрылысы басталады, − дейді Зейнеп Махсутова.
Ол барлық мектептерде білім алушыларға медициналық қызметті денсаулық сақтау ұйымдары лицензия немесе келісімшарт негізінде көрсететінін алға тартады.
Қазіргі таңда облыста 647 мектептің 410-ы (63,3%) медициналық қызмет көрсету лицензиясына ие. Ал 223 білім ордасы денсаулық сақтау ұйымдарымен келісімшартқа отырған.
Еске сала кетейік, Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде 354 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес екенін айтқан еді.
