Атырау облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды

Мәліметтерге сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 22 тамызда сағат 18:50-де «Атырау-Орал» тас жолында болған. Өкінішке қарай, жол апатынан үш адам қайтыс болды. Индер ауданынан келе жатқан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамаған.

Жолдағы көлік апатының салдарынан «ВАЗ-2105» көлігінің жүргізушісі мен 1954, 1978 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, − деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінің өкілі.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да