Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент Пусанда Қазақстанның бас консулдығын ашу туралы жарлық шығарды

Ақорда. Фото: Джейн Суини/Getty Images/AWL Images RM

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын, — делінген жарлықта.

Президент үкіметке қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пусан – аумағы жағынан Оңтүстік Кореяның Сеулден кейінгі екінші қаласы. Қала жағажайларымен, тауларымен және храмдарымен танымал. Сондай-ақ ол елдің ірі порты.

Еске салсақ, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды. Сапар барысында Тоқаев Сеулде Абай Құнанбайұлына қойылған бюсттің ашылу рәсіміне қатысты.

Мақалаға реакция