Атыраулық параволейболшыларға пәтер кілттері тапсырылды

Спортшыларды кәсіби мерекемен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құттықтады.

180cdab1687313b83c2a788a2b736456 Атыраулық параволейболшыларға пәтер кілттері тапсырылды

Спорт әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады, өйткені балаларымыздың және болашақ ұрпақтың сау болуы бізге байланысты. Ел Президенті республикадағы бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. Осы ретте, облыс тұрғындарының 34 пайызы спортпен айналысатынын атап өткен жөн. Яғни, Атырау облысы тұрғындары бұқаралық спортпен шұғылдану бойынша республикада екінші орында, — деді облыс әкімі.

Мерекелік іс-шарада спорттық бәсекелердің жеңімпаздары мен жаттықтырушыларға «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Атырау облысы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

837184b07c8e1e1dab7e546d9cbd44c2 Атыраулық параволейболшыларға пәтер кілттері тапсырылды 5512da84ce0258be1b3e3a0f9ba0f1c4 Атыраулық параволейболшыларға пәтер кілттері тапсырылды

Ал, волейболды отырып ойнаудан Атырау облыстық командасының мүшелері Пердебай Намұратов пен Ақылбек Шікібаевқа жаңа пәтер кілттері табысталды.

10 жасымда электр тоғына түсіп, салдарынан аяғым ампутацияланды. Достарымның айтуымен 2012 жылы параволейболға келдім. Құлсарыдан қалаға қоныс аудардым. Спорт менің өмірімді түбегейлі өзгертті, ол үшін мен тағдырға ризамын. Ал бүгін менің қуанышымда шек жоқ, себебі қазір менің жеке пәтерім бар, — деп қуанышымен бөлісті Ақылбек Шікібаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да