Гаитиде жағдай күрт нашарлап жатыр

Басқарма таратқан деректерге сүйенсек, Оңтүстік − 1 832 адам, Гранд-Анс − 218 адам, Нипп − 137 адам және Солтүстік-Батыс департаментінде 2 адам көз жұмды. Ал 12 268 адам ауыр жарақат алған. Өңірде 100 мыңнан аса ғимараттың тас-талқаны шыққан. Қазіргі уақытта құтқарушылар әлі де үйінділер астынан адамдарды іздестіріп жатыр.

Естеріңізге салайық, 14 тамызда таңертең Гаитиде 7,2 балдық жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар саны 1 419-ға жетіп, оның 7 мыңға жуығы ауыр жарақаттанды. Зілзала ошағы шамамен 125 мың халқы бар Ле-Ке коммунасынан 40 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі – 10 шақырым.