Гаитиде жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1 400-ден асты

Естеріңізге салайық, өткен сенбіде таңертең Гаитиде 7,2 балдық жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар саны 1 419-ға жетіп, оның 7 мыңға жуығы ауыр жарақаттанды. Зілзала ошағы шамамен 125 мың халқы бар Ле-Ке коммунасынан 40 шақырым жерде орналасқан, тереңдігі – 10 шақырым.

Ақпарат көздеріне сәйкес кеше, дүйсенбіде мемлекеттік телеарна эфирінде елдің азаматтық қорғау басқармасы мәлімдеді.

Қазіргі кезде азаматтық қорғау басқармасы 1 419 қаза тапқан адамды тіркеді: олардың 1 133-і Оңтүстік департаментінде, 162-сі Гранд-Анс, 122-сі Нипп және екеуі Солтүстік-батыс департаментте анықталған. Сонымен қатар біз 6,9 мыңнан аса адамның түрлі жарақаттар алғанынан хабардармыз, — деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Үкімет бір айға төтенше жағдай орнатты.