Басты бетҚоғамҚазақстандық ұшақтар...

Қазақстандық ұшақтар енді Ауғанстан әуе кеңістігімен ұшпайды

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуекомпаниялардың азаматтық әуе кемелері Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдалану бойынша қауіп-қатерді бағалауды және тәуекелдерді басқаруды жүргізген.

Оның қорытындысы бойынша Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігіне ұшу кезінде жолаушылар мен әуе кемелерінің қауіпсіздігіне әсер ететін тәуекелдер мен қауіптер бар деген шешім жасалған. Жүргізілген бағалау нәтижелері негізінде 16 тамызда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты жүк және чартерлік әуетасымалдарды орындайтын Қазақстанның әуекомпанияларына биылғы жағдай тұрақталғанға дейін азаматтық әуе кемелеріне Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігіннен ұшуға тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар жіберді, — делінген хабарламада.

Осындай нұсқау «Қазаэронавигация» РМК-ға жіберілген.