Комментатор Амангелді Сейітхан қайтыс болды

Қайғылы хабарды Qazaqstan телеарнасының баспасөз қызметі естіртті.

Журналист кейінгі екі аптада жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмды, — делінген жазбада.

Амангелді Сейітхан 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан «Қазақстан ТРК»-ның «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары, «Құмсағат» бағдарламасының спорт акпараттар продюсері, 1997 жылдан «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді.

Футболдан «Франция-98» Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді.

С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).