Басты бетҚоғамҚазақстандағы 10...

Қазақстандағы 10 жол-көлік апатының үшеуі Алматыда болады

Жолдардағы апат саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Мұнда екі мың жол апаты болған. Қалада жазатайым оқиғалар саны былтырғымен салыстырғанда 35,9% көбейген.

Жол-көлік оқиғаларының саны бойынша анти-көшбасшылар қатарында Алматы облысы (1,3 мың жол-көлік оқиғасы, 26,5 % көбейген) және Жамбыл облысы (576 апат, 10,8% көбейген) бар.

Жол-көлік оқиғасы ең аз тіркелген Солтүстік Қазақстан облысы — 97 оқиға.

2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда 10,6 мың адам жазатайым оқиғадан зардап шекті (жылына 16% көбейген). Жараланғандар саны 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 15,8%, 9,5 мың адамға дейін көбейді.

Жол-көлік оқиғасынан қаза болғандар саны былтырғамен салыстырғанда бірден 17,6% көбейіп, мың адамнан асқан. Олардың арасында 733 ер адам, 284 әйел, 89 кәмелетке толмағандар бар.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны бойынша: Алматы (2,4 мың адам) алдыңғы орында, кейін Алматы облысы (2,1 мың адам) және Жамбыл облысы (966 адам).

ДереккөзTengrinews.kz