Басты бетҚоғамДанияр Жаналинов...

Данияр Жаналинов қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

2002-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызмет атқарған.

2008-2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары, 2010-2014 жылдары Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады.

2014-2018 жылдары Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2018 жылдың шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.