«Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті

Өкінішке қарай, біз өзімізге керек нәтижеге жете алмадық. Осыған байланысты мен бас бапкер қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Клубқа маған сеніп артып, негізгі құрамның бас бапкері ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын, — деді Крилл Кекер «Алашкертке» қарсы кездесудің қорытындысы бойынша.

Бас бапкер міндетін Артем Гавриленко атқарады.