Басты бетҚоғамҚазақстанның екі...

Қазақстанның екі тікұшағы Түркиядағы орман өртін cөндіруге кірісті

Әуе кемелері мен кәсіби дайындалған экипаж жалпы 45 циклдан тұратын 180 тонна суды өрт ошақтарына тастады.

Қазақстан борттары әуеде 10 сағаттан астам уақыт ұшып өтті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан әуе кемелері Даламан қаласының іргелес аумағының отпен бақыланбайтын учаскесінде шоғырланған. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр және ертең таң ата қайта басталады.

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жіберілді.

11 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамында 16 құтқарушы және Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ 2 тікұшағымен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Каспий теңізінен және Кавказ тауларынан ұшып өтіп, Даламан қаласында орман өрттерін сөндіру бойынша құтқару жұмыстарына кірісті.