Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, пайдаланушылар әскери полиция органдарына электрон форматта орны мен уақытына, тергеу жүргізілуіне, сонымен бірге хабарланатын мәліметтердің толықтығына қарамастан, жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзу туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады.
Сайтта мобайл қолданба барлық Android және iOS құрылғыларына орнатылып, қоса жұмыс істейді. Қосымшаны Askeri-senim.kz сайтынан жүктеп алуға болады. Әскери полиция бас басқармасы мәлімдегендей «Әскери сенім» жобасы армиядағы құқық бұзушылық, хабарламаларды қабылдау, есепке алу және бақылау процесін автоматтандыру, құқық бұзушылықты жасау фактілеріне ден қою сапасы мен жеделдігін арттыру және олардан сақтандыру туралы жаңа ақпарат көздерін енгізу мақсатында әзірленді, — деліген хабарламада.
Пайдаланушы жеке кабинетте тағайындалған жауапты лауазымды адаммен жасырын хат алмасу, статусы мен жауаптарды қадағалай алады.
Өтініш статусының өзгергені, жауапты лауазымды адамның тағайындалғаны және оның жауаптары туралы өзекті деректер электрон поштаға келеді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жеке кабинетте диалогтарды іздеуге және реттеуге болады.