JUSAN BANK ұсынған «Бастапқы үш ай тегін» суперакциясы – жаңа дәммен ұсынылған бизнес татым!

БІРІНШІГЕ

Әрбір іскер үшін негізгі «тағам» кем дегенде екі критерийге сай болуы тиіс – «ингредиенттердің» қолжетімділігі мен әртүрлі болуы. Сондықтан да, «Бастапқы үш ай тегін» суперакциясы кең ауқымдағы әлеуетті клиенттерге – заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіктері, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен кәсіби медиаторларға арналған.

ЕКІНШІГЕ

Жаңа «мәзір» сізге бірден ұнауы үшін онда таныс «позициялар» болғаны дұрыс. «Бастапқы үш ай тегін» акциялық ұсынысында шотты ашу және жүргізу (шот бойынша ағымдағы операциялар), қашықтан банктік қызмет көрсету арқылы төлемдер жасау, әртүрлі аударым операциялары: бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасау  қамтылған.

ДЕСЕРТКЕ

Банк клиенті ретінде тек стандартты қызметтер ғана емес, сонымен бірге ерекше ықыласқа ие боласыз – бизнес үшін және тұтынушылық мақсатта кредит алуға өтінішті қараcтыру жылдамдатылып, төлем  қабілетін бағалау процедурасы бойынша талаптар жеңілдей түседі. Ал, JUSAN экожүйесіне қосу бизнес-процестеріңізді жақсартып қана қоймай, сіздің «жеке тұлға» ретіндегі күнделікті өміріңізді жақсы арнаға бұрады.

ЖЕТКІЗУ

Жаңа «дәмді» жайлы күйде және аз уақытта байқап көру үшін JUSAN BUSINESS интернет-банкингін пайдаланыңыз. Процесті барынша цифрландыру Банк бөлімшесіне бармай-ақ, шотыңызды JUSAN BANK-те онлайн ашуға мүмкіндік береді. Акция интернет-банкингінің негізгі STANDARD тарифі аясында әрекет етеді, жаз соңына дейін шот ашатын болсаңыз автоматты түрде акция  қатысушысы атанасыз! Шотты ашу және жүргізу (шот бойынша ағымдағы операциялар), қашықтағы банктік қызмет көрсету арқылы төлемдер жасау және аударым операциялары шотты ашқан күннен бастап үш ай бойы тегін ұсынылады.

ЧЕК

Жаңа мәзірден кейін сіздің талғамыңыз қалай өзгереді? – Әрине, жоғары талап қоятын боласыз, өйткені ыңғайлы, жылдам әрі сенімдіге адам бірден үйренеді! Заңды тұлғаларға арналған JUSAN BUSINESS интернет-банкингі түгел дерлік операцияны онлайн орындауға мүмкіндік береді: төлемдер мен есеп айырысулар, валюталық операциялар, салық төлемдері, құжаттарға бұрыштама қою, контрагенттермен өзара қарым-қатынастың барлық түрі (тіпті қаржылай сенімділікті автоматты тексеру), кейінге қалдырылған және жоспарланған төлемдер мен аударымдар, төлемдердің мәртебесі туралы хабарлама және есептілік!

Артықшылығына көз жеткіздіңіз бе?! – Онда байқап көріңіз! «Бастапқы үш ай тегін» акциясына 31 тамызға (қоса алғанда) дейін  қатыса аласыз.