Қытайда 1,4 мың жыл бұрынғы мазар табылды

Табылған моланың ұзындығы 14 метр, ені — 2 метр, мола қабырғаларынан археологтар екі әйелдің бейнесін анықтады. Сарапшылар мазар ішіндегі заттарды зерттеп, б.э.д. 5-6 ғғ. Оңтүстік және Солтүстік династиялары дәуіріне тиесілі деп болжап отыр.

Археологтар бұл моланы Хунань провинциясынан табылған ең көне жәдігер деп бағалады. Олардың айтуынша, зират қабырғасындағы суреттер дәстүрлі қытай киімін зерттеуге септігін тигізеді.