Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 126 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 3 тамыздағы мәлімет бойынша, 102 839 адам (–102 839 + және 2 694 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 29 138 пациент, амбулаторияда 73 701 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 707 адамның жағдайы ауыр, 395 пациенттің жағдайы өте ауыр. 197 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика,

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 7 481 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.