Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 90 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 14 мамырдағы мәлімет бойынша, 83 084 адам (–81 077 + және 2007 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 23 868 пациент, амбулаторияда 59 216 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 444 адамның жағдайы ауыр, 304 пациенттің жағдайы өте ауыр. 183 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 6 637 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.