Министрлік Венчурлік ерте қаржыландыру қорының басқарушы компаниясына байқау жариялады

Байқаудың мақсаты — Венчурлік ерте қаржыландыру қорын құру Венчурлік ерте қаржыландыру қорына жеке инвесторларды тарту pre-seed және seed сатыларындағы Қазақстанның қатысу үлесі бар инновациялық компанияларға инвестициялау қордың инвесторлары үшін инвестицияланған капиталдың жоғары кірістілігін алу.

Толығырақ ақпарат Венчурлік ерте қаржыландыру қоры үшін басқарушы компанияны таңдау жөніндегі ашық конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттамада (1-қосымша) және техникалық тапсырмада (2-қосымша) баяндалған.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 30 шілдеде сағат 9.00-де басталды және 2021 жылғы 30 тамызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18.00-де аяқталады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі Дүниежүзілік банктің келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

Өтінім берушілер Венчурлік ерте қаржыландыру қоры үшін басқарушы компанияны таңдау жөніндегі ашық конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттаманың (1-қосымша) және техникалық тапсырманың (2-қосымша) барлық талаптарымен мұқият танысуы және оларды орындауға тиіс. Қатысу ережелеріне сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды және қаралмайды.

Әлеуетті басқарушы компаниялардың өтінімдері [email protected] және [email protected] электрон пошталарына қабылданады.

Барлық сұрақ бойынша [email protected], [email protected] электрон пошталары немесе мына телефондар бойынша хабарласа аласыздар:

+7 705 111 1387 – Нарымбаев Ерік Айдарханұлы,

+7 701 111 6582 Мақажанова Салтанат