Ольга Рыпакова Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады

Бүгін үш қарғып секіруден іріктеу кезеңі болды. Оған Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова, сондай-ақ, Мария Овчинникова мен Ирина Эктова қатысты.

Мария Овчинникова
Фото: Olympic.kz
Ирина Эктова
Фото: Olympic.kz

Үш Олимпиададан жүлде алған 36 жастағы Рыпакова бұл жолы финалға шыға алмады. Ол 13,69 метрге секірді.

Ольга Рыпакова
Фото: Olympic.kz

Овчинникова 13.34 метрге секіріп, финалдан қағылды. Эктова болса, 12,90 метр көрсеткішімен өз тобында 14-орын алды. Финалға үздік 12 спортшы өтті.

Мария Овчинникова
Фото: Olympic.kz
Ирина Эктова
Фото: Olympic.kz

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.