Басты бетҚоғамҚалмұханбет Қасымов...

Қалмұханбет Қасымов отставкаға кетті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді, — деп жазды Берік Уәли.

Қалмұханбет Қасымов бұл қызметке 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді.