Жаңа дерек Нұр-Сұлтанда көп тіркелді, астанада өткен тәулікте 1 531 адамнан коронавирус анықталды. Сонымен бірге Алматы (+1 250) мен Қарағанды облысында (+920) инфекция жұқтырғандар көп.
Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтанда — 1 531;
Алматыда — 1 250;
Шымкентте – 421;
Ақмола облысында – 210;
Ақтөбе облысында — 191;
Алматы облысында — 220;
Атырау облысында — 430;
Шығыс Қазақстан облысында — 312;
Жамбыл облысында — 137;
Батыс Қазақстан облысында — 197;
Қарағанды облысында — 920;
Қостанай облысында — 213;
Қызылорда облысында — 150;
Маңғыстау облысында — 267;
Павлодар облысында — 225;
Солтүстік Қазақстан облысында — 134;
Түркістан облысында — 117.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 549 628-ге жетті, оның 457 098-і жазылып шықты.
