Басты бетМедицинаАлексей Цой...

Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады

Эпидемиология жағдайы (КВИ «Дельта» штамының белсенді таралуын) және вакциналаумен қамтуды ескере отырып, министрлік эпидемиология жағдайдың болжамын жаңартты. Осылайша, пессимистік сценарийде 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 400 мың адам (орташа есеппен тамыз айында 6 мың жағдайдан жоғары) болмақ, — деп жазды министр.

Екінші реалистік сценарий бойынша, 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлар болжамды саны шамамен 355 мың адам (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 5,3 мың жағдайдан жоғары) болмақ.

Ал оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 330 мың адам (орташа есеппен тамыз айында ең жоғары жағдай – тәулігіне 5 мыңға жуық) болуы мүмкін, — деді Алексей Цой.