Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Астрахан облысы губернаторын қабылдады

Қазіргі уақытта Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қазақстанның өзге де облыстары Астрахан облысымен көптеген бағыт бойынша өзара тиімді кооперацияны жүзеге асырып отыр. Экономикалық белсенділіктің жаңғыруына орай шекара маңындағы сауда қарқыны біртіндеп қайта қалпына келіп жатқаны байқалады.

Қазақстан мен Астрахан облысының арасын негізгі байланыстырушы ретінде Ресей бойынша ең көп тұратын сол жердегі қазақ диаспорасы маңызды рөл атқарып отыр.

Президент Астрахан қазақтарының тарихи отанымен рухани байланыстарын нығайтуына, ата-бабаларының тілі мен мәдениетін сақтауына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқаны үшін Игорь Бабушкинге ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы қазақ халқының Бөкей хан, Құрманғазы, Дина Нұрпейісова және басқа да ұлы перзенттерінің есімін Астрахан жерінде ұлықтап келе жатқаны үшін аймақ әкімшілігі мен тұрғындарына алғыс айтты.