Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады

Биылғы бес айдың ішінде екіжақты сауда көлемі 46% артқан. Инвестициялық, көлік-логистикалық жобалар жүзеге асырылып отыр, жаңа авиациялық бағыттар ашылып жатыр. Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық, өңірлік алаңдарда бір-бірімен тығыз байланыс жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Ташкентте өткен Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның қорытындыларына жоғары баға берді.

Екі ел басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның өңірлік қауіпсіздік үшін ықтимал салдарын жан-жақты талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев аталған проблема бойынша ортақ түсінік бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды оқиға саналатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, өзбек халқының мойындалған көшбасшысына зор денсаулық, құт-береке және бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да