Басты бетЖаңалықтарКөпбалалы отбасы...

Көпбалалы отбасы Halyk Bank-тен жаңа пәтер ұтып алды

Биылғы жылдың алғашқы жеңімпазы – Степногорск қаласында жүргізуші болып істейтін Виктор Покоев. Ол Halyk Bank-тен Алматыдағы экологиялық таза ауданында орналасқан жаңа пәтер иесі болды. Төрт баланың әкесіне салтанатты түрде оңтүстік астанадағы пәтер кілті табысталды.

Фото: Halyk bank баспасөз қызметі

Шынын айтқанда, Halyk Homebank-те онлайн кредит рәсімдеп жатып, смартфон ұтып алғым келген. Сол себепті Алматыдан пәтер ұтып алдың деген хабар мен үшін күтпеген жаңалық болды. Қатты таңғалдым, әрине, сосын қатты қуандым. Отбасымның, балаларымның да қуанышында шек жоқ. Halyk Bank-ке үлкен алғысымды білдіремін, себебі осындай науқандар арқасында адамдарда пәтерге ие болу мүмкіндігі пайда болды. Бұл — өте керемет мүмкіндік. Сондықтан мен барлығына өз мүмкіндігіңді сынап, осы науқанға қатысуға кеңес бергім келеді. Жыл аяғына дейін тағы 6 пәтер ойнатылатыны айтылды. Әйеліме бөліп төлеу арқылы кір жуатын машина алғым келеді. Енді Halyk Homebank-те бөліп төлеуді міндетті түрде рәсімдеймін, мүмкін тағы ұтып қалармын, — дейді Виктор Покоев.

Фото: Halyk bank баспасөз қызметі

Әрбір адам Алматы орталығынан жайлы пәтер ұтып ала алады. Ол үшін Halyk Bank-тен бір рет тиімді талаптармен кредит немесе бөліп төлеуді ресімдеу және науқанның бүкіл кезеңінде Halyk Homebank қосымшасы арқылы ай сайын қызметтер үшін төлем жасау жеткілікті. Неғұрлым көп төлем жасасаңыз, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Науқанға қатысу үшін 2021 жылғы 11 мамыр мен 19 желтоқсан аралығында екі-ақ шартты орындау қажет:

  1. 200 000 теңгеден артық сомаға бір рет кредит алу немесе бөліп төлеуді ресімдеу;
  2. ай сайын Halyk Homebank қосымшасында 1000 теңгеден артық сомаға қызметтерді төлеу.

Halyk Bank-тен алғашқы теңдессіз науқан былтыр басталған. Ол кезде 3 пәтер ойнатылды. Үш ұтыс ойынына шамамен 150 000 адам қатысты. Қатысушылардың үшеуі – Алматы облысының Ұлан ауылы, Қарағанды облысының Ақжарық ауылы және Шымкенттегі бір мектеп мұғалімі жеңімпаз атанып, «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерге ие болды.

Арманыңызға қол жеткізудің жаңа мүмкіндігін пайдаланып, оңтүстік астанадан жайлы пәтер ұтып алыңыз. «Halyk Bank-тен ай сайын пәтердің ұтыс ойыны» науқаны бойынша кредит алыңыз,  Halyk Homebank қосымшасында қызметтер үшін төлем жасау да Алматының беделді ауданында орналасқан «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер ұтып алыңыз! Кредитті ертерек ресімдесеңіз, пәтер ұтып алу мүмкіндігі жоғары болады.

Науқан туралы және кезекті ұтыс ойыны өтетін күні мен оның нәтижесі жайлы кейінгі жаңалықты Halyk Bank-тің Instagram (@halykbank.kz), Facebook-парақшалары арқылы біле аласыз.