Мемлекет басшысы карантин талабын бұзғандардың жазасын қатаңдатуды талап етті

Қазақстандағы эпидемиология ахуалы жөніндегі кеңесте президент Ashyq жобасының пандемия жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік бергенін айтты. Оның сөзінше, бағдарлама өзін ақтады.

Сонымен бірге кейінгі уақытта вирус жұқтырғандар мен байланыста болғандар, яғни қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар саны өсіп жатыр. Алайда бағдарлама оларды тіркегеннен кейін, жауапсыз адамдар басқа демалыс орнын іздей бастайды. Шамасы, мұндай жауапсыз адамдар айыппұлдардан қорықпайды, немесе оларды ешкім жазбайды. Жүйеде ЖСН мен иммундық статусты бекіту бар ғой. Мұндай жауапсыздық жазалануы керек. Карантин шектеулерін сақтамағандарға талаптарды қатаңдатуды тапсырамын, — деді президент.

Мемлекет басшысы Ashyq-тың жұмыс істеу аясын кеңейтуді, функционалын жетілдіруді және оның жұмысына күнделікті мониторинг жасауды ұмытпауды тапсырды.

Кәсіпкерлік нысандарды Ashyq пайдаланатындар тізіміне енгізу өте ұзақ бюрократиялық процесс екені туралы ақпарат бар. Бұл жүйенің операторы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы екеніне қарамастан осылай. Үкіметтен осы мәселені шешуді сұраймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сонымен бірге Ashyq-пен жұмыс істейтін бизнесті қолдауды, осындай мониторинг шараларын елемейтін кәсіпкерлерді қатаң жазалауды тапсырды.