Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады.
Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр, — делінген жазбада.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы астанаға сенбіде оралатынын жазды.
Еске салайық, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың шілде айының ортасында демалысқа шығуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.