Елімізде коронавирус пен пневмониядан 59 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 14 мамырдағы мәлімет бойынша, 45 282 адам (43 795 КВИ+ және 1487 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 14 698 пациент, амбулаторияда 30 584 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 880 адамның жағдайы ауыр, 198 пациенттің жағдайы өте ауыр. 116 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

күнделікті дерек

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелді. Бір тәулікте 4 375 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да