Рекорд: Қазақстанда бір тәулікте 4 375 адам коронавирус жұқтырды

Жаңа дерек Нұр-Сұлтанда көп тіркелді, астанада өткен тәулікте 1 128 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Сонымен бірге Алматыда (+640), Қарағанды облысында (+589), Шымкентте (+342), Атырау облысында (+320) инфекция жұқтырғандар көп.

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда —  1 128;
Алматыда — 640;
Шымкентте – 342;
Ақмола облысында – 148;
Ақтөбе облысында — 137;
Алматы облысында — 134;
Атырау облысында — 320;
Шығыс Қазақстан облысында — 52;
Жамбыл облысында — 58;
Батыс Қазақстан облысында — 187;
Қарағанды облысында — 589;
Қостанай облысында — 98;
Қызылорда облысында — 70;
Маңғыстау облысында — 180;
Павлодар облысында — 143;
Солтүстік Қазақстан облысында — 73;
Түркістан облысында — 76.

күнделікті дерек

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 466 792-ге жетті, оның 418 228-і жазылып шықты.