Басты бетЖаңалықтарСмартфонның тағы...

Смартфонның тағы бір қаупі анықталды

Құрғақ көздер синдромы адам ағзасы көз жасын жеткілікті көлемде шығара алмаған жағдайда пайда болады. Салдарынан адамның жанары қызарып, тітіркенеді. Оларға топырақ түскен тәрізді болады. Бұл теорияны дәлелдеу үшін корейлік ғалымдар 7-12 жас аралығындағы 916 балаға зерттеу жүргізді.

Тексеру барысында олардың 6,6 пайызының көз жанарында сол уақытта аталмыш синдром болғаны анықталды. Балалардың барлығы дерлік күніне 2-3 сағат бойы смартфондар пайдаланған. Бұл ретте, олардың анағұрлым дені сау құрдастары гаджеттерді қолданбаған.

Корейлік ғалымдар құрғақ көздер синдромы мен смартфондар алдында өткізген уақыттың арасында байланыстың барына дәйекті дәлелдемелер таба алды. Мәселен, синдромға шалдыққан балаларға бір айға гаджеттерден бас тарту ұсынылды. Нәтижесінде, кесел симптомдары толығымен ғайып болған, деп жазады «Российская газета».

The Independent сарапшылары смартфондардың денсаулыққа қауіпті әсерінен өз балаларын қорғағысы келетін, бірақ гаджеттерді олардың өмірлерінен толығымен алып тастай алмайтын ата-аналарға, өз балаларына ұялы телефонды ұйықтар алдында бермеуге, сондай-ақ құрылғы алдында екі сағаттан астам уақыт отырмауын қадағалауға кеңес берді.

ДереккөзҚазАқпарат