Қазақстан түрмедегі адам саны бойынша дүниежүзінде 99-орында

Бұл туралы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы Бибігүл Мұңайтпасова айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, түзеу мекемелеріндегі адам санының шамадан тыс көп болуы, сотталғандарды жасақтарда ұстау, гигиеналық жағдайдың төмендігі, жұқпалы аурулар мен өлім — жітімнің жоғары болуына алып келеді.

Нәтижесінде бас бостандығынан айыру орындарындағы адам саны азайып, Қазақстан әлемдік деңгейдегі «Түрмедегі адам саны бойынша индексте» 3-ші орыннан 99-орынға (2020 ж.) түскен.

Бүгінде еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде 80 мекеме жұмыс істейді:

  • бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды орындау бойынша – 64;
  • тергеу изоляторлары – 16.

Аталған орындарда 33 мың адам бар, олардың 4,7 мыңы тергеу бойынша қамауға алынған. Сотталғандардың негізгі бөлігі, яғни 94% ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатыр.

Санаттар бойынша:

  • шамамен 47% бұрын сотталған;
  • 25%-ке жуығы кісі өлтіргені үшін;
  • 13,5%-і ұрлық үшін;
  • 11,5%-і есірткі саудасы үшін;
  • 13,8%-і жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстары үшін, ал 7%-і кәмелетке толмаған балаларға үшін ұсталған.