Басты бетЖаңалықтарПрезидент: Ауыл...

Президент: Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі қажет

Мұндай қиын жағдайда министрлік шұғыл және батыл шара қабылдауы керек еді. Алайда министрлік жұмысты уақытында жүргізе алмады. Сондықтан министр Сапархан Омаров отставкаға кетсе, дұрыс болады деп санаймын», — деді Президент 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, Сапархан Омаров 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап ауыл шаруашылығы министрлігін басқарады. Бұрын ол Мәжіліс депутаты болған.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаттары Қызылорда және Маңғыстау облыстарында төтенше жағдай енгізуді ұсынған еді. Олардың айтуынша, бұл өңірлерде мал азығына қатысты жағдай өте қиын. Онда аштықтан, тек ресми мәліметтер бойынша, екі мыңға жуық мал өлген.

Ауыл шаруашылығындағы жағдайға байланысты бірқатар сарапшы мал басының жаппай азаюына байланысты мал шаруашылығы өнімдері қымбаттайтынын мәлімдеді. «Бағаның өсуі бүкіл халықтың қалтасын қағады, ал жағдайды түзетуге кеш болады», — дейді мамандар.