Нұр-Сұлтанда Алашорда жетекшілеріне ескерткіш ашылды

Мемлекет басшысының қатысуымен Алаш арыстарына ескерткіш ашылды, — деп жазды Ерлан Қарин Instagram-парақшасына.

Бұған дейін режиссер Қуаныш Бейсеков Instagram-парақшасына ескерткіштің суретін жариялаған еді. Мүсінде Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатов әңгімелесіп тұрған кезі бейнеленген.