Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы ресми түрде қайта басталды

Астана әкімінің айтуына қарағанда, қазір құрылыс маусымына байланысты жұмыстар қайта жанданған.

Шарт бұрынғы, олар келісімшарттарда белгіленген. Бізде қытайлық та, жергілікті де серіктестер бар. Шарт міндеттемелеріне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр. Жұмыс белсенді жүріп жатыр деп айта алмаймын. Белсенді жұмыс қаржының түскеніне қарай жалғасады. Қазір конкурстық рәсімдер, банктерді таңдау жүріп жатыр. Қаржыландыру көзін анықтағаннан кейін жұмысты белсенді түрде бастаймыз, — деді әкім Алтай Көлгіноа орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Алтай Көлгінов бетон немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізбес бұрын міндетті түрде техникалық сараптама жүргізілетінін айтты.

Бұл техникалық қадағалау бөлімінің бақылауында. Техникалық қадағалау бар. Мамандар жұмыс істеп жатыр, — деді ол.

ДереккөзTengrinews.kz