Бір купюрада қанша бактерия болады?

Зерттеу нәтижесінде бір банкноттан 3 000 бактерия табылған. Олардың ішінде асқазан жарасы, пневмония, ішек аурулары сияқты қауіпті ауруларға шалдықтыратын бактериялар да бар. Олар теріні тітіркендіріп, аллергия тудырады.

Ғалымдардың айтуынша, банкноттардың ластану деңгейі оның құнына байланысты. Мысалы, 200 теңге қолдан-қолға жиі өтетіндіктен оның бактериясы да көп.  Ал 20 мың теңгелік сынды ірі сомаларды ұстайтынтар сирек болғандықтан ондағы бактериялар да салыстырмалы түрде аз.

Сонымен қатар, дәрігерлер ақша санаған сайын қолды жуып, қаражатты әмиянда сақтауға кеңес береді. Себебі бактериялар қалтада жақсы көбейеді.

Дереккөзmenslife.com