Атырауда тұңғыш онлайн-фестиваль өтеді

26 маусымда Атырауда ақпараттық сауаттылыққа арналған тұңғыш онлайн-фестиваль өтеді.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспасөз клубына арнайы келіп, журналистермен кездесу өткізген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кафедра меңгерушісі Мәншүк Мұқашева бұл онлайн-фестивалдің ерекшеліктері жайында әңгімеледі.

Фестиваль тек қалам ұстаған журналистерге ғана емес, кітапхана қызметкерлері, педагогтар, бизнес өкілдері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, зейнеткерлер, студенттер мен жоғары сынып оқушыларына да арналған. Маусымның 26-сы күні таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 19-ға дейін Zoom арқылы өтеді. Қатысамын деушілерге қош келдіңіз айтамыз! – деді онлайн-фестивальдің үйлестірушісі Мәншүк Мұқашева.

Осы шара барысында Атырауға іссапармен келген жерлесіміз, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов Мәншүк Тынышқалиқызының білім беру саласындағы үлкен еңбегін ескеріп, «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапаттады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да