Қырғызстанға QazVac вакцинасының 50 мың дозасы жеткізіледі

Министрдің айтуынша, вакцина жұма немесе сенбіде келеді деп күтіліп отыр.

Мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрімен, елшісімен келіссөздер жүргіздім. Жұма-сенбі күні Алматыдан келеді деп күтеміз, бейсенбі күні біз тоңазытқыш жібереміз. Менің ойымша, шекарада ешқандай проблемалар болмайды, — деді Алымқадыр Бейшеналиев.

Ол клиника сынақтарының үшінші кезеңінен өтіп жатқан вакцина барлық қырғызстандықтарға қол жетімді болатынын айтты.

QazVac – «өлтірілген» вирустан жасалған вакцина. Препарат коронавирус ауруының вирусы мен оған қосылған иммуностимулятордан тұрады. Одан бөлек, құрамында су және аздап тұз бар.

Былтыр көктемде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отандық препаратты COVID-19-ға қарсы вакциналық кандидаттардың тізіміне енгізді.

ДереккөзSputnik.kz