Қасым-Жомарт Тоқаев шілдеде демалысқа шығуды жоспарлап отыр

Президент бір аптаға созылатын демалысын Қазақстан аумағында өткізеді.

Мемлекет басшысы шілденің ортасында бір аптаға демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Президент демалысын Қазақстан аумағында өткізеді. Өздеріңізге белгілі, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы демалған жоқ, — деді Берік Уәли Sputnik Қазақстанның ресми сауалына берген жауабында.

Берік Уәли сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына кіріскен сәттен бері екі жыл және үш ай ішінде тек бір рет, 2019 жылдың шілдесінде үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шыққанын айтты.