Еліміздің қай өңірінде бензин қымбаттаған?

Баға мониторингі 18 маусымдағы жағдай бойынша тек АИ-92 маркалы бензиніне қатысты.

  • Нұр-Сұлтанда — литріне 169-175 теңге;
  • Алматыда — 169 теңгеден 170 теңгеге дейін;
  • Шымкентте — 168 теңгеден 170 теңгеге дейін;
  • Ақмола облысында — 173-175 теңге;
  • Алматы облысында — 170 теңге;
  • Маңғыстау облысында — 170 теңгеден 172 теңгеге дейін;
  • Атырау облысында — 165 теңгеден 170 теңгеге дейін;
  • Батыс Қазақстан облысында — 166-170 теңге;
  • Қызылорда облысында — 168-170 теңге;
  • Шығыс Қазақстан облысында — 173-175 теңге;
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 172-175 теңге;
  • Павлодар облысында — 170 теңгеден 173 теңгеге дейін;
  • Қостанай облысында — 173 теңгеден 175 теңгеге дейін;
  • Түркістан облысында — 168-170 теңге;
  • Қарағанды облысында — 170 теңгеден 172 теңгеге дейін;
  • Ақтөбе облысында — 163 теңгеден 168 теңгеге дейін;
  • Жамбыл облысында — 169 теңгеден 171 теңгеге дейін.

Кейінгі айларда АИ-92 маркалы бензин Қазақстанның бірнеше өңірінде қымбаттаған. Мысалы, Нұр-Сұлтанда 2021 жылдың сәуірінде жанар-жағармай 167-172 теңге болған, қазіргі бағасы — 169-175 теңге.