Жамбыл облысындағы зауытта қыркүйектен бастап бір миллион доза вакцина дайындалады

Наурызда барлық құрылыс-монтаждау, әрлеу және қосалқы жұмыс аяқталып, инфрақұрылым – жылу, газ, су жүргізілді.

Бердікбек Сапарбаевтың айтуынша, АҚШ пен Қытайдан тапсырыс берген жабдықты жеткізуде қиындық туындаған.

Қыркүйекте өзіміздің қазақстандық вакцинамызды шығаратын боламыз. Сәуір-мамырда 50 мың доза, маусымда – жүз мың, шілде-қыркүйекте – 500 мыңнан және қыркүйектен бастап бір миллион  доза вакцина дайындалады, — деді өңір басшысы.

Зауыт COVID-19 коронавирусымен қатар адамдар мен жануарлардағы басқа да ауруларға қарсы вакцина шығарумен айналысатын болады.