Қуат Хамитов украиналық қарсыласын бірінші раундта буындыру әдісімен жеңді

Хамиттің қарсыласы украиналық файтер Роман Головинов (10-4) болды. Орта салмақтағы жекпе-жек 3 раундтан тұратын. Қуат Хамитов қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Қуат Хамитов өзінің ММА бойынша кәсіби карьерасындағы 23-ші жеңісіне қол жеткізіп, MFC промоушенінің чемпиондық белдігін жеңіп алды. Ал Роман Головин 5-ші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың 2021 жылы өткізген екінші жекпе-жегі. Осыған дейін ол қаңтар айында кездесу өткізіп, ресейлік жекпе-жек шебері Максим Пантелеевті (0-1) 49 секундта нокаутқа түсірген болатын.

ДереккөзҚазАқпарат