Қордың жеке тұлғалардың салымдары үшін кепілдендірілген тиімді үстемені 14 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешімінен кейін көптеген банктер өздерінің пайыздық үстемесін төмендете бастады. Осылайша, орташа есеппен депозиттің үстемесі 2-29 пайыз аралығында азайды.
Кaspi bank 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап теңгемен салымдардың үстемесін азайтты. Банктің мәліметінше, депозиттің үстемесі биылдан бастап 14 пайыздан 11,4 пайыздға азайды. Ал доллармен салынған депозит биылға дейін 2 пайыз болса, биылдан бастап 1,5 пайызға азайтылды.
Еуразиялық банк өзінің пайыздық үстемесін 1 пайызға төмендетті. «Мәселен, TURBO Deposit бойынша салынған қаражат жылына бұрын 15 пайызбен өсетін болса, биылдан бастап 14 пайызбен көбеймек. Ал қалған номиналды үстеме 14 пайыздан 13 пайызға қысқартылды», — деп хабарлайды банктің call-орталығы.
Қазком банкі да 1 қаңтардан бастап «Үздік» депозиттерінің үстемесін 14-тен 13,2 пайызға азайтты. Ал жылдық тиімді үстеме 14-9 пайыздан 14 пайызға түсті.
ЦентрКредит банкі бұл үрдіске желтоқсанның 26-сында көшкен. «Чемпион» депозитінің 18 айлық үстемесі 147-тен 12 пайызға түсті. Ал жылдық тиімді үстемесі 14,8 пайыздан 12,7 пайызға азайды.
Халық банкінің «Халықтық — стандартты» депозитіне теңгемен салынған қаржы жылына бұрын 12,5 пайызбен өссе, енді бұл көрсеткіш бар болғаны 10-ақ пайызды құрайды.
