Арман Қожахметов Мәжіліс комитеті төрағасы болды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға сәйкес, бұл қызметке депутат Арман Қожахметовтың кандидатурасын ұсынды.

Білікті әрі сауатты заңгер Арман Төлешұлын сіздер жақсы білесіздер, ол осы салада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Ол үш шақырылымның депутаты, соның ішінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болған, осы комитеттің жұмысын жақсы біледі, жеткілікті тәжірибесі мен білімі бар. Арман Төлешұлының кандидатурасы қызметке тағайындауға сәйкес келеді деп есептеймін, — деді Нұрлан Нығматулин Палатаның жалпы отырысында.

Айта кетейік, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері лауазымына Рүстем Нұрпейісов пен Юлия Энгель кандидатурсы мақұлданған еді.