Қазақстан аумағынан 2,5 мың заңсыз мигрант өз еріктерімен шықты

Ішкі істер министрлігі пандемия басталған сәттен дағдарысқа қарсы тұрақтандыру, оның ішінде мигранттардың құқықтарын қорғау іс-шараларын жүргізді. Қазақстанда болуға рұқсат құжаттарының мерзімі өткен шетелдіктердің құқықтық мәртебесін анықтау немесе оларды үшінші ел арқылы елден шығуларын ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастырды. ІІМ Көші-қон қызметінің, шет мемлекеттердің өкілдіктерінің және Халықаралық көші-қон ұйымның жәрдемімен мұндай адамдарға рұқсат құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілді, — деді Нұрділдә Ораз.

Оның дерегінше, жыл басынан бері төлқұжаттарының мерзімі өткен 675 шетелдік еліне оралу үшін куәлік алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 2,5 мың заңсыз мигранттың ел аумағынан өз еріктерімен шығуына көмек көрсетті.

Дегенмен, барлық шетелдік құжаттарын реттемеген немесе Қазақстан Республикасы аумағынан шығып кетпеген, — деді ресми өкіл.