Нұрбол Тұрашбеков Түркістан әкімі болды

Түркістан қаласының әкімі болып Нұрбол Тұрашбеков тағайындалды. Бұл ақпаратты Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

Бұған дейін бұл қызметті Рашид Аюпов атқарған болатын.

Ал Нұрбол Тұрашбеков 2020 жылдың мамырынан бері Ордабасы ауданының әкімі қызметін атқарған.

Нұрбол Тұрашбековтың өмірбаяны

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист.

Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

2012 жылы «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары болды.

«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2017 жылы Түлкібас ауданының әкімі, 2020 жылы Ордабасы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

ДереккөзSputnik.kz