Біз нысандарды екіге бөлдік: Ashyq-қа қатысатын және қатыспайтын нысандар. Соның арқасында өте маңызды өзгерістерді көріп отырмыз. Қоғамдық тамақтану нысандары 00.00-ге дейін жұмыс істей алады, бірақ отыратын орындар саны 60-қа дейін шектелген. Енді еске алу шараларын ұйымдастыруға болады, бірақ келушілер саны 50-ден аспайды. «Қызыл» аймақтағы өңірлерде боулинг орталықтарына келушілер 50 пайыздан аспайтын болуы керек. Бильярд орталықтары да осы режимде жұмыс істейді. Театрлар, кинотеатрлар 40% жұмыс істей алады, — деді Жандарбек Бекшин.
Жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар шектеусіз жұмыс істей алады (бұған дейін демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынған).
Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын сауна, спорт кешендері, фитнес, йога орталықтары шектеусіз жұмыс істей алады.
Қаулы 8 маусымда күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін Бекшин 1 маусымда «сары» аймаққа ауысқанына қарамастан, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін айтқан еді.