Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар да, COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін ПТР-тест тапсырғандар да екі апта үй карантинінде болады.
Атап айтқанда, кейінгі 14 күнде Үндістанда болып, Қазақстанға келген адамдар екі апта үй карантинінде отыруы керек.
Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен Covid-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың және коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғанына қарамастан жүргізіледі, – делінген құжатта.
Жаңа қаулының толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқуға болады. Айта кетейік, құжат 5 маусым сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
