Президент Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Президент бұл туралы Twitter-парағында жазды.

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!, — деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін, 4-маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні болып саналады.