Қасым-Жомарт Тоқаев: Жас буынның балалық шағы бақытты өтуіне жағдай жасау — міндет

Президент бұл туралы Twitter-парағында жазды.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.