Басты бетҚоғамАуыл әкімдері...

Ауыл әкімдері екі мерзімге ғана сайлана алады

Бұл туралы Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мәлік Мурзалин Хабар-24 арнасына берген сұхбатына айтты.

Бір адам екі реттен артық ауыл әкімі бола алмайтынын маңызды ереже деуге болады. Сонымен бірге әкім партияға мүшеліктен айырылса, жергілікті мәслихат сенімсіздік танытқан жағдайда немесе Мемлекеттік қызмет туралы заңмен байланысты өзге де проблемаларға тап болса, өз лауазымын тапсыруға мәжбүр болады, — деді Президент әкімшілігінің өкілі.

Мәлік Мурзалин сонымен бірге әкім сайлауына жасы 25-тен асқан кез келген Қазақстан азаматы кандидат ретінде қатыса алатынын айтты.

Бұл үшін Мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сай болу керек.

Еске салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған еді.